Полиция қызметкерінің арнаулы киімін заңсыз киіп жүрген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 675 б. 1 б. . әкімшілік іс қарады.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы әйел полиция қызметкерінің арнаулы айырым белгілері және нышаны бар киім-кешекті киіп жүргені үшін ұсталған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ  сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденді.

Айырым белгілері және нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану) - айырым белгілері және нышаны бар әскери киім нысаны, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешек тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - бес, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Сот қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 5 АЕК мөлшерінде (10 605 теңге) айыппұл салу және нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті тәркілеу түріндегі жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: