Ойын бизнесі саласында заңсыз қызмет ұйымдастыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөрлі аудандық сотында Орал қаласының тұрғынына қатысты заңсыз ойын бизнесі саласын ұйымдастырған  қылмыстық іс қаралды.

Азамат тиісті лицензиясыз жеке кәсіпкер болмай, Ақсай қаласында компьютерлік және  мультимедиялық техникасын қолданумен ойын бизнесі саласында заңсыз букмекер кеңсесiнің  жұмысын ұйымдастырған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында аудан прокуроры  мен сотталушы  ҚПК-нің 615 б. сәйкес, кінәні мойындау туралы нысанында  іс жүргізу келісімін  жасаған.

Сот, ҚПК-нің 623 б сәйкес, жасалған процестік келісімді тексеріп, келісімдік іс жүргізуде талқылауды  тағайындау туралы қаулы шығарды.

Сот отырысында сотталушы процестік келісім түсінікті екенін және өған өз еркімен қол қойғанын айтты.

Сот оны ҚР ҚК-нің 307 б 1 б (заңсыз  ойын бизнесін ұйымдастыру) айыпты деп танып, мүлкi тәркiленiп, 1 жыл бас бостандығын  шектеуге үкім етті.

ҚК-нің 44 б 1 б сәйкес сотталған 120 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды. Заттай дәлеледемелердің тағдыры ҚР ҚПК-нің 118 б  тәртібінде шешілді.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі