Отбасын сақтап қалу үшін медиация тәртібі қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық соты аудан тұрғынының неке бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қысқартты.

Сот отырысында тараптарға медиация тәртібімен татуласу мүмкіндігін түсіндіргеннен кейін, жұбайлар отбасын сақтап қалу мақсатында кәсіби емес медиатордың көмегіне жүгінді.

 Медиативтік рәсімдерінің нәтижесі бойынша тараптар сотқа  дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісім ұсынып, соттан сол келісімді бекітуін сұрады.

Сот, келісімді зерттеп, бекітіп және ҚР АПК-ның 277-278 баптарын және  «Медиация туралы» Заңның 27 бабын басшылыққа ала отырып талапкерге мемлекеттік бажды қайтарып  азаматтық істі қысқарту туралы ұйғарым шығарды.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі