Орал қаласының №2 сотының онлайн алаңында кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының №2 сотымен атқарушылық жазба институтының түйткілді мәселелерін талқылау бойынша кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға сот судьялары, шағын қаржы ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ нотариустар қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысында сот төрағасы Азамат Борамбаев, Орал қаласының сотының судьясы Салтанат Курманбаева, Батыс Қазақстан облысы бойынша нотариалдық палатасының төрағасы Найля Елегенова сөз сөйледі.

Судья С.Курманбаева өз баяндамасында берешектерді өндіру атқару жазбасының негізінде жүргізілетіндігі туралы және оған қойылатын талаптарға түсініктеме берді.

Н.Елегенова атап өткендей, атқару жазбасынының күшін жою немесе жасаудан бас тартуда бірқатар мәселелердің туындайтынын алға тартты. Мәселен, 2020 жылдың 10 айында БҚО бойынша 20 552 атқару жазбасы жасалған (2019ж. – 28 578), атқару жазбасының күшін жою туралы – 1310 қаулы шығарылған (2019 ж. – 1284), бұл жалпы көрсеткіштің – 6,4% (2019ж. – 4,5%) құрап, күшін жойып отырған атқару жазбасының санының артып отырғанын көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіш республика бойынша атқарушылық жазба жасаудың ортақ тәжірибесінің қалыптаспауы, оны жасалуын реттейтін нақты нормалардың болмай отырғандығынан туындап отыр.

Кездесу барысында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар және жоспарланған іс-шаралар туралы ойларымен бөлісті.

Әңгіме сындарлы сипатта өтті. Қатысушылар осы форматтағы кездесулерді өзге де өзекті тақырыптар бойынша жалғастыру қажеттігін атап өтті.  

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі