Медиация туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен татуластыру рәсімдерін енгізу және қолданысы аясын кеңейту жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде татуластыру рәсімдерінің артықшылықтары мен мүмкіндіктерін бұқара халыққа насихаттау және түсіндіру туралы іс-шаралар жоспары дайындал5ан болатын.

Орал қаласының №2 сотының судьясы Сәкен  Нахипов  аталған жоспардың жүзеге асыру аясында «Қазпошта» АҚ-ның облыстық филиалының қызметкерлерінің қатысуымен өткізілген «дөңгелек үстелде» сөз сөйледі.

Өз сөзіндерінде Сәкен Нахипов қолданыстағы дауларды шешу тетіктерін жетілдіру үшін басым бағыттардың бірі және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау ретінде дауларды реттеу бойынша бітімгершілік рәсімдердің дамуы, оның ішінде ең танымал түрлерінің бірі медиация болып табылатынын атап өтті.

Мұндай шараны жүзеге асырудың  басты мақсаты - азаматтық дауларды азайту және соттан тыс тәртіпте шешілетін істердің жекелеген санаттарын шығару арқылы соттардағы жүктемені азайтуға, қоғамдағы дау-дамай деңгейін төмндетуге, азаматтық процеске қатысушыларға тәрбиелік әсер етіп, қылмыстық іс жургізудің сотқа дейінгі сатысында татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейтуге бағытталған.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша «Қазпошта» АҚ-ның облыстық филиалының қызметкерлері белсенді түрде жанжалдар мен дауларды реттеуге медиация рәсімдерін қолдануға ат салысатындарына сендірді.

Орал қаласының №2 сотымен аталған бағыттағы іс-шаралар одан әрі жалғасын табатын болады. Қазіргі таңда Орал қаласының кәсіпорындарымен сотқа дейінгі татуластыру шараларын түсіндіру бағытында кездесулер ұйымдастыру туралы келіссөздер жүргізілуде.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі