Орал қаласының № 2 сотында Ашық есік күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азаматтардың құқықтық мәдениетін деңгейін жоғарылату, сот жүйесіне деген сенімді арттыру мақсатында Орал қаласының №2 сотында ашық есік күні өтті.

Ашық есік күніне №24, №42, №49, №48, №21 ЖОББМ түлектері мен  оқытушылары келді. Қонақтар соттың заманауи форматтағы жұмыстарымен, сондай-ақ электронды сервистерімен танысты.

Орал қаласының №2 сот әкімшісінің басшысы Г.Амантаева сот төрелігінің жүктемесін оңтайландыру және заңнаманы одан әрі ізгілендіру бойынша өзгерістерге тоқталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік  қызметкерлерге  қойылатын талаптар, сот мамандарының лауазымдық міндеттері туралы сөз қозғап,  талап арыздардың кеңсеге келіп түскен уақытынан сот актісі шығарғанға дейінгі бағытты түсіндіріп өтті.

Орал қаласының №2 сот әкімшісінің бас маманы-сот отырысының хатшысы Б.Өтеғалиева мектеп оқушыларына  сот жүйесіндегі болып жатқан реформаларға тоқталып, бейнебайланыс жүйесі арқылы өтетін сот отырысының өткізілу барысын түсіндіріп берді.

Өз кезегінде түлектер сот қызметкерлерінің мамандығына қызығушылық танытып аталған мамандыққа байланысты сұрақтарын қойды.

Сот жұмысымен және осы салада болып жатқан өзгерістермен танысуға келген қонақтар сот ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі