Орал қалалық сотында «Рақымшылық туралы» Заңнаманың қолданылуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың 13-ші желтоқсанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуілсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына қол қойды.

Рақымшылық жасау адамгершілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар, ауырлығы орташа қылмыстар үшiн сотталған адамдар, кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған балалары немесе мүгедек балалары бар әйелдер, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын ер адамдар, I, ІІ және IIІ топтардағы мүгедектер, елу жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс жастағы және ол жастан асқан ер адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар, әскери және (немесе) интернационалдық борышын орындау кезiнде қаза тапқан әскери қызметшiлердiң жесiрлерi, сондай-ақ күйеулерi соғыс мүгедектерi және оларға теңестiрiлгендер болып табылатын әйелдерге жүргізіледі.

Террористік және экстремистік қылмыстар, азаптаулар жасаған адамдарға, сонымен бірге, бұрын рақымшылық жасау немесе кешiрiм жасау қолданылған, қайтадан қасақана қылмыстар жасаған, қылмыстардың қайталануы немесе қауiптi қайталануы кезінде жаза тағайындалған адамдарға және қылмыстық топтар құрамында қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарға рақымшылық қолданылмайды.

Аталған Заңның шығарылуына байланысты Орал қалалық сотымен ағымдағы жылдың басынан бастап рақымшылық заңнамасын қолдану арқылы 178  ұсыным қаралып қанағаттандырылған, оның 63% жеке меншікке қарсы қылмыстар құраса, қалғаны  отбасылық қатынастардағы қылмыстық теріс қылықтар, көлікке қатысты бұзушылықтар, билік өкіліне бағынбау сынды құқықбұзушылықтар бар.

Материалдардар сотталғандарға қатысты қылмыстық жазаны орындауды қамтамасыз ететін  БҚО Қылмыстық- атқару Департаментінің РУ-170/1, РУ-170/2, РУ- 170/3 мекемелерінен түседі.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі