Облыстық соттың судьялары азаматтық-құқықтық тақырыпта семинар-кеңесін өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының судьялары, сот әдебі бойынша Комиссия мүшелері Ляззат Устагалиева және Ғалия Даулеткалиева БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында азаматтық-құқықтық тақырыпта семинар-кеңесін өткізді.

Шарада азаматтық істерді қарау кезінде, банктік қарыз шарттары, мәмілені жарамсыз деп тану, меншік құқық иесі деп тану, сот шығындарын өндіру және тұрақсыздық айыбы даулары бойынша туындайтын проблемалық сұрақтарды талқылады.

Сонымен қатар судьялардың іс жүргізу құжаттарын толтыру, соның ішінде біркелкілікпен заң ережесі стилистикасының сапасын талдау жарияланды. Ол туралы оқу бағдарламалар үйлестіруші Ғалия Даулеткалиева баяндады. Талдау көрсеткендей, БҚО МАЭС-ның судьялары жалпы шешім, ұйғарым және сот бұйрықтарын шығару барысында ҚР АПК қарастырылған нормаларына, «Сот шешімдері туралы» 2003 жылы 11 шілдедегі №5 ҚР Жоғарғы Соттың Нормативтік қаулысына сүйеніп, сонымен қатар Әдістемелік ұсынымдар бойынша сот актілерін рәсімдеу іс жүргізу тәртібін сақтайды.  

Судьяларға іс жүргізу құжаттарын неғұрлым мұқият дайындауда ұсыныстар туралы жекелеген елеусіз ескертулер берілді, сот актілеріне қол қояр кезде мұхият оқып грамматикалық қателерге,  мүдделі тараптар мен жұршылық тарапынан негізді сынға ұшырамай, сапасыз актілерді шығаруға жол бермеу туралы айтты.  

Судья әдебі жөніндегі комиссияның мүшелері судьялардың сот әдебі мен ережелерін бұзбай шарттарын орындау мақсатында алдын ала шаралар өткізу қажет деп көрсетті.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі