Қылмыстық сот ісін жүргізуде медиацияны қолдану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов аудандық соты ҚК-нің 384 бабының 2 бөлігімен (азаматтың паспортын, жеке басының куәлiгiн немесе оның басқа да жеке басының құжатын жымқыру)  айыптау туралы қылмыстық іс қарады.

ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сай, қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

Сот отырысында анықталғандай, сотталушы жәбірленушіге ұрланған жеке куәлікгін қайтарып берген және медиация тәртібімен татуласуына байланысты соттың қаулысымен қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Соттың қаулысы заңды күшіне еңген жоқ.

 

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі