Казталов ауданының №2 сотында «Ашық есік күні» -өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2 сотында  халықтың  құқықтық ағарту және сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында «Ашық есік күні» өтті.

Халықты  құқықтық ағарту мәселесі Елбасының Судьялар Одағының VII съездінің қорытындысы бойынша Республиканың соттарының алдына қойылған 5 негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Сот төрағасының м.а. Самал Оразғалиева келушілерді қабылдап, олардың барлық сұрақтарына жауап берді. Қабылдау күні сотқа жылжымайтын мүлікке меншік құқығын және заңды маңызы бар фактілерді аңықтау туралы өтініш беру жөнінде сұрақтар түсті.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі