Казталов аудандық соты 2017 жылдың 1 жартыжылдық жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов  аудандық сотының төрағасы Райбек Хайырбеков «Ауыл айнасы» газетінің редакторының қатысуымен, соттың 2017 жылдың 1 жартыжылдық  жұмысын қорытындылау мақсатында брифинг өткізді.

Шара барысында сот төрағасы азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істерді қарау бойынша 2016 жылдың осы мерзімімен салыстырмалы түрдегі статистикалық мәліметтерін хабарлады.  2017 жылдың 1 жартыжылдығында  барлығы 103 талап арыз  түскен, 2016 жылдың осы мерзімінде 96 талап арыз  түскен, яғни түскен талап арыздардың саны  6 арызға (6%) көбейгенін көруге болады. Бұл ретте барлық талап арыздар «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы  түскендігі аталып өтті.

Барлығы 2017 жылдың 1 жартыжылдығында 12 қылмыстық, 96 азаматтық және 128 әкімшілік іс қаралды. Медиация тәртібімен 6 азаматтық, 4 қылмыстық іс қысқартылды. Сонымен қатар сот төрағасы сот төрелігін атқарудың сапасына баса назар аударып, істердің дұрыс және біркелкі қаралуын қамтамасыз ету мақсатында  облыстық сотта тұрақты түрде семинар сабақтары өткізіліп тұратыны мәлімдеді.

Бұдан басқа, аудандық сот мемлекеттік және басқа мекемелермен кездесулер өткізіп, дөңгелек үстелдер, брифингтер, ашық есік күндері және сот жүйесінің имиджін көтеруге бағытталған басқа да шаралар өткізіп тұрады.   

Баспасөз мәслихатының соңында  сот төрелігінің жүзеге асыру сапасын арттыруға, еліміздегі сот жүйесінің  тәуелсіздігі мен тиімділігіне кепіл берілуін нығайтуға және сот билігінің имиджін көтеруге бағытталған міндеттерін орындау үшін қажетті шаралар жүзеге асырылатынын жеткізді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі