Бюджетке салық берешегі өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР  Кодексінің 403 бабына сәйкес, салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.

Шыңғырлау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Бумакөль аулының тұрғынынан жер салығы және мүлік салығы бойынша берешекті өндіру жөнінде сот бұйрығын шығару туралы арызымен Бөрлі аудандық сотына жүгініген. Борышкерге салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама тапсырылған, хабарламаға шағым келтірілмеген, салық бойынша берешегі төленбеген.

АПК-нің 135 бабына сәйкес, аудандық сотымен борышкер Б.-дан салық берешегін және мемлекеттік бажды өндіру туралы сот бұйрығы шығарылды.

 

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі