Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2 соты алаяқтық жасаған азаматқа қатысты қылмыстық істі тоқтатты.

Сот отырысында жәбірленуші тарап сотталушымен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы арыз түсірді.

ҚР ҚК-нің 68 бабы 1-бөлігене сай қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

ҚР ҚК-нің 68 бабын басшылыққа алып, сот  сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, оған қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.