Татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту жөнінде кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеленов аудандық соты мемлекеттік органдардың өкілдерімен, «Ардагерлер кеңесі, жастар ассоциациясы, мүгедектер қоғамдық бірлестігі, этно-мәдени бірлестігі, Переметен қоғамдық келісім кеңесі,  жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Шараға сонымен бірге, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Зеленов ауданының кәсіпкерлер төрағасы, кәсіби емес медиатор және «Ауыл тынысы» газетінің тілшісі шақырылды.

Кездесу барысында төраға м.а. А.Төлегенов пилоттық жобаның мақсаты мен тіндетін түсіндірді. пилоттық жоба 2017 жылғы акпан-шілде айлары болып белгіленіп, даудың (жанжалдың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу екенін түсіндірді.

Спикер пилоттық жобаның мақсаты мен негізгі міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау болып табылатынын айтты. Аталған жобада еңбек, мұрагерлік, сақтандыруға қатысты даулар, некені бұзу және мүлікті бөлу, пәтерден шығару, зайым келісім щарты бойынша және көршілер арасындағы дау-дамайларға қатысты істер қамтылған.

Шараға қатысушылар пилоттық жобаны толықтай қуаттап, аталған жобаның табысты жүзеге асуына жауапкершілікпен қарау қажеттігін атады.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі