Архив событий

22/08/2014

«Сот кабинетінің» мүмкіндіктері таныстырылды

22/08/2014

21 тамызда Тасқала аудандық сотының ғимаратында барлық жергілікті мемлекеттік мекемелердің, атқарушы органдардың, АІІБ, прокуратура, салық қызметі, ЖШС және өзге ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен Жоғарғы Сот тарапынан жақында іске қосылған «Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» жөніндегі ақпараттық жобаларды таныстыруға арналған дөнгелек үстел өткізілді.

«Сот кабинеті» сервисі электронды өзара іс-қимыл арқылы сот өндірісін жеңілдетуге, сондай-ақ, сот жүйесінің жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын  қамтамасыз етуге бағытталған.

«Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған лауазымды тұлғалардың әрекеттерін дәрежелеудің мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22/08/2014

 

Батыс Қазақстан облыстық сотында осындай тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Шараға облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, сонымен қатар қалалық прокуратураның, ішкі істер, қаржы полициясы департаментерінің өкілдері қатысты.