Архив событий

01/08/2014

Басты спортшының ісі

01/08/2014

 

Бүгін, Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүслім Оңдағанов пен жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Меңдіхан Джакеновке қатысты қылмыстық істің үкімі жария болды.

Алдын ала терегу органдары М.Оңдағанов пен М.Джакеновты ұйымдасқан қылмыстық топ құрған және өңірде спортты дамытуға бөлінген бюджет қаржысын ұрлаған деп айыптаған.

Зеленов ауданының №2 сотында өткен брифинг

01/08/2014

 

01.08.2014ж. ТДК-42 телеарнасының және қалалық басылым тілшілерінің қатысуымен брифинг өтті.

Аталған брифингте  «Урал Ойл Энд Газ»ЖШС-нің бұрынғы директорына қатысты қылмыстық істің қорытындысы ұсынылды.

А.Нұрмуханбетов ауаға қоршаған ортаны ластайтын заттарды заңсыз  шығарғаны үшін кінәлі деп танылған. Оның заңсыз әрекеттерінің салдарынан экологияға зардап келтіріліп, шығын көлемі 1 млрд. 268  млн. 246 мың теңгені құраған.