Архив событий

15/08/2014

Медиаторлар еңбегіне ақы төлеу тетіктерін жетілдіруді ұсынды

15/08/2014

 

Шыңғырлау аудандық сотында Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.Нағашыбаевтың төрағалық етуімен «Сотта, тергеуде және анықтауда медиация заңын қолдану тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға аудандық прократура, салық органдары мен ішкі істер, әділет басқармаларының өкілдері, кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторлар мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сот қызметі туралы жарияланымдарға бәйге жарияланды

15/08/2014

 

Батыс Қазақстан облыстық соты мен Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы Батыс Қазақстан облыстық филиалы 2014 жылғы 1 тамыз 2015 жылдың 15 маусым аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында соттардың, судьялардың, судьялар қауымдастығының қызметі туралы жарияланған үздік материалдарға шығармашылық бәйге жариялайды.