Зеленов аудандық №2 соты

Сот борышкерге іздеу салу туралы ұсынымды қанағаттандырды

18/04/2017

Зеленов аудандық №2 соты осы соттың бұйрығы бойынша кәмелетке толмаған екі баласына алимент төлеуге тағайындалған, алайда алиментті төлеуден жалтарған аудан тұрғынына іздеу жариялау туралы жеке сот орындаушының ұсынымын қанағаттандырды.

«Қазақстан Республикасындағы Гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

17/04/2017

Мемлекет басшысы Н.А.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ана мен баланы қорғау мәселелер, сондай-ақ отбасы мен неке заңнамалық базасын жақсарту саласына назар аудару қажеттілігін ерекше атап өтті.

Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу –ыңғайлы, тез және оңай

10/04/2017

Қазақстан Республикасының Азаматтық ісжүргізу кодексінде  «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарының реформасы көрініс тапты. Кодекс сот тиімділігінде азаматтар мен заңды тұлғалардың бостандықтары мен заңды мүдделерін, конституциялық құқықтарын және даулардың шешу сапасының жеделдігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Сот ісін қысқарту мақсатында, іс жүргізудің жаңа түрі–оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу енгізілді.

Көршілердің дауы медиацияның көмегімен шешілді

31/03/2017

БҚО-ның Зеленов аудандық №2 соты көршілер арасындағы жер дауы бойынша азаматтық істі медиация тәртібімен бітімгершілік келісімде бекітті.

Сотта анықталғандай талапкер өзіне тиесілі мемлекеттік жер актісін беру келісімі туралы ауызша өтінішіне сотталушы жауап қайтармағандықтан талап-арызымен сотқа жүгінді.

Ата-ана құқығынан айыру баланы асырау міндетінен босатпайды

30/03/2017

БҚО-ның Зеленов аудандық №2 соты ата-ана құқығынан айырылған анадан кәмелетке толмаған баласының асырауына алимент өндіру туралы сот бұйрығын шығарды. Жасөспірімнің әжесі сотқа жүгініп, немересінің заңды қорғаншысы екенін және бала өз асырауында болғаннан кейін қаржылай көмекке мұқтаж екенін көрсеткен.

Беттер