Зеленов аудандық №2 соты

Оқушылармен кездесу өтті

19/04/2016

Бүгін Дариян орта мектебінде жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Зеленов ауданының №2 сотының кеңсе меңгерушісі Алмаз Гильманов «Кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында сөз сөйлеп, жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтарға тоқталды.

Суық қару ұстағаны үшін сотталды

19/04/2016

Зеленов аудандық №2 соты заңсыз суық қару алып жүру фактісі бойынша қылмыстық іс қарады.   

Іс материалдары бойынша, полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті тексеру  барысында қорғану ретінде өзімен пышақ алып жүрген азаматты ұстаған.

Зеленов аудандық №2 соты 2016 жылдың бірінші тоқсанының жұмысын қорытындылау бойынша брифинг өткізді

19/04/2016

Зеленов аудандық №2 сотының төрайымы Шара Кенесбайқызы Зайнуллина «Ауыл тынысы» газетінің өкіліне Зеленов аудандық №2 сотының 2016 жылдың  бірінші тоқсанында атқарған жұмыстарының қорытындылары бойынша брифинг өткізді.

Сот орындаушысының ұсынысы қанағаттандырылды

15/04/2016

Зеленов ауданының №2 соты сот орындаушысының борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу және  бұрын берілген көлік құралын жүргізу құқығының қолданылуын тоқтата тұру туралы ұсынысын қарады.

Соты жазаны ауыстыру туралы ұсынысты қанағаттандырды

05/04/2016

Зеленов аудандық №2 сотына бұрын Зеленов аудандық №2 сотының үкімімен  ҚР ҚК-нің 175-бабы 2-бөлігінің «в» тармағымен 2 жылға бас бостандығынан шектеуге тағайындалған сотталғанның жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс түсті.

Қызметі тоқтатылып, әкімшілік айыппұл салынды

05/04/2016

Зеленов ауданының №2 соты ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау органының ұйғарымын орындамаған жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісін қарады.

Беттер