сот

Мектеп оқушыларымен кездесу өтті

13/03/2015

Бүгін Орал қаласының А.С.Макаренко атындағы № 6 жалпы орта білім беретін  мектебінің  жоғарғы сынып оқушылары үшін «Ашық есік» күні өтті.

Орал қалалық сотының судьясы Р.Жұмағұлов жоғары сынып оқушыларына «Қылмыстық жауапкершіліктің жас шамасы» тақырыбында баяндап,  қылмыстық заңнаманың жаңалықтары туралы айтты.

Сұхбат барысында оқушылар судьяның сөзін зор ықыласпен тыңдап, сот жүйесіне қатысты сауалдарын қойды.

Медиация тәртібімен татуласты

11/12/2014

 

Сотталушы К.Чупиков Тасқала ауылылындағы дүкенінде болып, сатушының үстел үстінде жатқан ұялы телефонын жымқырып кеткен.

Сот талқылауында жәбірленуші сотталушымен татуласып, келісімге келгендерін, істі медиация заңнамасына сәйкес қысқарту үшін араларында жасалған  «Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді» сотқа ұсынды.           

Сотталушы К.Н.Чупиков өз кінәсін мойындап, жәбірленушімен медиациялық келісімі негізінде мәмілеге келгендерін айтып, істі қысқартуды сұраған.

Ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласты

10/12/2014

 

Тасқала ауданында ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Алайда, сот отырысында әйелі мен күйеуі араларындағы істі кәсіби емес медиатор арқылы шешіп, «Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді» сотқа ұсынып, істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Тасқала аудандық сотының ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, азаматтық іс қысқартылды. 

Жаңа кодекстер бойынша семинар сабағы

09/12/2014

 

Казталов аудандық сотында сот қызметкерлерін қайта оқыту жоспарына сай  Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған  Қылмыстық кодексін, Қылмыстық- процестік кодексін және Қылмыстық- атқару кодексін оқып, талқылау  мақсатында семинар сабағы өтті.

Семинар сабаққа аймақтық соттардың, атап айтқанда, Бөкейордасы, Жәнібек, №2 Казталов аудандық соттарының кеңсе меңгерушілері, Казталов аудандық сотының сот қызметкерлері қатысты.

Бөрлі аудандық сотында өткен семинар

04/12/2014

 

Бөрлі аудандық соты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне одан әрі сот төрелігін атқаруын оңайлату мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы, бюрократиялық рәсімдерін төмендету,  соның ішінде азаматтық іс жүргізу кодексі бойынша  семинар өткізді.

Іс медиация тәртібімен аяқталды

04/12/2014

 

Казталов ауданының №2  соты  талапкер Е.Оразаевтың жауапкер Р.Сахиповадан 330000 теңге өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Соттың ұйғарымымен тараптардың тауласуларына байланысты, істі медиация тәртібімен реттеу туралы өтініштеріне байланысты, іс  өндірістен қысқартылды.

Істі сотта қарауға әзірлеу барысында талап қоюшы Е.Оразаев дауды  медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасағанын айтып, медиация туралы шарты сотпен бекітуді сұрады.

Тыныштықты бұзушы қамалды

26/11/2014

 

Теректі аудандық соты В.М.Сырыхты айналасындағыларға сыйламаушылық көрсеткені үшін кінәлі деп таныды

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы өзінің жиенінің намысына тиетін былапыт сөздер айтып, ұрып-соғатынын айтып, кәмелетке толмаған балаларды қорқытып,  оның ескертуіне мән бермеген.

Сот оған әкімшілік жаза ретінде 3 тәулікке қамау түріндегі жазасын тағайындады.

Маскүнемдік дертінен емделуге жолданды

19/11/2014

 

Тасқала және Бөрлі аудандық соттары С.Б.Көшекбаевты 2013 жылдың қарашасынан 2014 жылдың қазанына дейін бірнеше рет отбасы-тұрмыстық қатынастары  саласында жасаған әрекеттері бойынша  әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сонымен бірге, 2013 жылдан 2014 жылға дейін  С.Б.Көшекбаев мас күйінде меншікке қарсы қылмыстарды жасап, Тасқала ауылының тұрғындарының мүліктерін ұрлап, соған орай қылмыстықь іс қозғалып, алайда  тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істер қысқартылған болатын.

Жүргізу құқығынан айырылды

17/11/2014

Теректі аудандық соты С.И.Баспаховты алкогольмен мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде 3 жыл мерзiмге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жазасын тағайындады.

Әкімшілік құқықбұзушылық үшін 20 тәулік

07/11/2014

 

Құқықбұзушы А.Пендюрин  көлік құралын жүргізу  құқығы жоғына қарамастан, орташа дәрежедегі мас күйінде, мемлекеттік нөмерсіз  «Иж-Планета 5» маркалы мотоциклді басқарған.

Тасқала аудандық сотының қаулысымен А.В.Пендюрин  ӘҚБтК 467 бабының 8 бөлімімен қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 тәулікке қамауға жазаланды.

Беттер