қысқарту

Букмекерлік кеңседе орын алған оқиға

17/06/2015

Бөрлі аудандық соты ҚР ҚК-нің  108-бабымен қарастырылған қылмыстық құқық  бұзушылық туралы қылмыстық істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес,  сотталушы  спирттік ішімдік ішкен күйінде Ақсай қаласында орналасқан букмекерлік кеңсесіне келген.  Кеңсе күзетшісінің ғимараттан шығуы туралы  талабына қарсылық көрсетіп, оған соққы жасап, денсаулығына жеңіл зиян келтірген.

Дау бітімгершілікпен бітті

11/03/2015

Бөрлі аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 109 бабы бойынша қылмыстық іс ҚК-нің 68 б. 1 б. сәйкес жәбірленушінің сотталушымен медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндірістен қысқартылды.

Ерлі-зайыптылар  ажырасқандарымен бір пәтерде тұрып жатқан. Мамыр айының бір күні бұрынғы жұбайы мас күйінде үйге келіп, араларында ұрыс шығып, салдарынан бұрынғы әйелі жәбірленушінің бетіне көптеген жарақаттар келтірген.

Тараптар мәмілеге келді

15/12/2014

 

Ақжайық аудандық №2 сотында  175 бабы  2-бөлімінің «в»  тармағымен қылмыстық іс қаралды.

Ақжайық аудандық №2 сотының қаулысымен Алиев, ҚР ҚК 67 б. 2б. негізінде  ҚР ҚК 175б. 2б. «в» т. бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

 Сотталушы Алиев бөтен жайға кіріп, сол жерден етікті қолды қылып, жәбірленушіге 20 000 теңге материалдық шығын келтіргені үшін айыпталған.

Медиация тәртібімен татуласты

11/12/2014

 

Сотталушы К.Чупиков Тасқала ауылылындағы дүкенінде болып, сатушының үстел үстінде жатқан ұялы телефонын жымқырып кеткен.

Сот талқылауында жәбірленуші сотталушымен татуласып, келісімге келгендерін, істі медиация заңнамасына сәйкес қысқарту үшін араларында жасалған  «Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді» сотқа ұсынды.           

Сотталушы К.Н.Чупиков өз кінәсін мойындап, жәбірленушімен медиациялық келісімі негізінде мәмілеге келгендерін айтып, істі қысқартуды сұраған.