Қылмыстық теріс қылық

Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін жаза тағайындалды

19/11/2015

Жәнібек  аудандық сотында ҚР ҚК-нің 346 бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, сотталушы бұрын, 06.10.2014 жылы  ӘҚБтК-нің 467 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылында автокөлікті алкогольдік ішімдік ішкен күйде басқарған.

Сот отырысныда сотталушы кінәсін толықтай мойындады.

Қайталап құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды

22/06/2015

Бөрлі аудандық соты автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін Бөрлі ауданының ІІБ-нің полиция қызметкерлеріне ұсталған бойжеткенге қатысты қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, бойжеткен бұрын Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен көлікті мас күйінде жүргізгені үшін кінәлі деп танылып, ҚР ӘҚБтК-нің 467-бабының 1 бөлігі бойынша көлік құралын жүргізу құқығынан 2 жылға айырылған.

Сотта құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындап, әрекетіне өкінді.

Қаратөбе аудандық сотында қылмыстық теріс қылық туралы ісі қаралды

14/05/2015

Қаратөбе аудандық сотында алкогольдік мас күйінде бұрын өзімен бірге тұрған әйелге ауыр күш қолданумен қорқытқан аудан тұрғынына қатысты қылмыстық теріс қылық жөніндегі ісі қаралды.

Қаратөбе аудандық соты сотталушыны ҚР ҚК-нің 115 бабымен кінәлі деп танып, оған қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Бөрлі аудандық соты заңсыз ағаш кескені үшін жауапқа тартты

06/05/2015

Бөрлі аудандық соты орман қорына кіретін ағаштарды заңсыз кесіп, ҚР ҚК 340 б. 2 б. қарастырылған қылмыстық теріс қылық жасаған тұлғаға қатысты үкімді жариялады.

Іс материалдарына сәйкес, Бөрлі АІІБ қызметкерлері Бөрлі ауданының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің аумағынан төрт емен ағашын заңсыз кесіп, 11 892 теңге материалдық зиян келтірілген, Утвинка ауылының 52 жастағы тұрғынын ұстаған.

БҚО Зеленов аудандық №2 соты қылмыстық теріс қылық бойынша үкімді жариялады

05/05/2015

Зеленов аудандық №2 соты үкімет өкілінің заңды талаптарына бағындай ҚР ҚК 379 б. 1 т. қарастырылған қылмыстық теріс қылық жасаған тұлғаға үкім шығарды.

Сотт анықталғандай, сотталушы Зеленов АІІБ Приурал полиция бөлімшесінде дөрекілік танытып, ескертуін елемей, полиция қызметкерін балағаттаған.

Зеленов аудандық №2 сотының үкімімен сотталушы ҚР ҚК 379 б. 1 т. қарастырылған қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Есірткі затын өткізу мақсатынсыз сақтаған

11/03/2015

Бөрлі аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296 б. 2 б. азамат С-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы  іс қаралды.

Іс материалдарына сәкес, ағымдағы жылдың 4 қаңтарында, Ақсай қаласы теміржол вокзалының бойында азамат С. полиция қызметкерлері ұстап, тексеру барысында оның күртесінің сыртқы оң қалтасында, өткізу мақсатынсыз 49.75 грамм кептірілген марихуананы заңсыз иемденіп, сақтаған полиэтилен пакеті анықталған.

Билік өкілін балағаттағаны үшін жауапкершілікке тартылды

10/02/2015

Жәнібек аудандық сотында азамат Г-ні ҚР ҚК 378 бабының 2 бөлігінде көрсетілген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін айыптау туралы іс қаралды.

Жәнібек ауылының тұрғыны ішімдік ішкен күйінде Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының ішінде қызметтік міндетін атқарып отырған, Жәнібек аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясының аға инспекторын балағаттаған.

Сот азамат Г-ні қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.