қанағаттандыру

Соғыс кезінде жұмыс істегені анықталды

12/12/2014

Арыз иесі Ситказиев К.М. Ұлы Отан Соғыс кезінде 1944-1945 жылдары көктемгі-жазғы мерзімдерде Камен ауданының «В.И.Ленин атындағы» колхозында жұмыс жасағанын көрсетіп, 01.04.-01.10.1944 және 01.04.-09.05.1945 жылдардағы еңбек еткен өтілімді заңдық маңызды факті деп тануды сұрап сотқа жүгінген. Осы жылдар аралығында ол қой, қошақандар бағып, шөп жұлып, көкөністерге су құйып, егін жинаумен айналысқан.

Арыз қанағаттандырылды

12/12/2014

 

Орал қаласының №2 сотында ҚР ІІМ ҚАЖК «РУ-170/2 мекемесі» РММ-нің тыйым салынған заттарды иесіз және оларды жою туралы арызы қаралды.

ҚР ІІМ ҚАЖК «РУ-170/2 мекемесі» РММ мекеменің тұрғын-жай және өндірістік аймағын тексеру кезінде, сотталғандардан сақтауға және қолдануға тыйым салынған заттар табылып, ұсталғанын туралы арызбен сотқа жүгінді.

Орал қаласының №2 соты тыйым салынған заттарды иесіз және оларды жою туралы арызын қанағаттандырды.

Талап арыз қанағаттандырылды

08/12/2014

 

Орал қаласының №2 сотында талапкер К. Даулетовтың «Квант» ЖШС-нен себепсіз жұмыстан қалған үшін жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану және күшін жою, жұмыстан мәжбүрлі түрде қалған күндері үшін жалақыны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот жұмысқа қайта орналастыру және мәжбүрлі түрде жұмыстан қалған күндеріне жалақыны өндіру туралы арызды қанағаттандырды.

Туыстық қатынасы анықталды

30/10/2014

 

Теректі аудандық сотында Б.Т.Хубиевтің туыстық қатынасын анықтау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер өзінің тегі Хубиев ал, анасының қайтыс болу туралы куәлігінде Кубиева деп көрсетілгендігін айтады. Оның туу туралы куәлігінде ата-аналарының тегі Хубиевтер болып жазылған.  Анасының қайтыс болуы туралы куәлгі жеке куәлігі негізінде берілген. Қазіргі уақытқа анасы мен өзінің тегіндегі бір әріптің өзгешелігіне байланысты  мұрагерлікті ресімдей алмай жүргенін көрсеткен,