қалалық сот

Тараптар татуласты

11/12/2014

 

Орал қалалық сотында кәсіби медиатордың қатысуымен қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Сергей Шлапо қараша айының басында ашық түрде жәбірленушінің ақша, ұялы телефон, банкомат карточкасы салынған сөмкесін ұрлап алған. Келтірілген шығынның жалпы соммасы 130 мың теңгені құраған.

Сот отырыс барысында тараптар медиация тәртібімен сотталушыға қатысты қылмыстық істі қысқарту туралы өтініш білдірді. Сонымен қатар, жәбірленушіге материалдық шығын толықтай қайтарылғандығы анықталды.

Алаяқтық ісінің үкімі жарияланды

11/12/2014

 

Орал қалалық соты алаяқтық жасады деп айыпталған Киреев пен Графинге қатысты қылмыстық істің үкімін жариялады.

М.Киреев бас бостандығынан айыру мекемесінде жазасын өтеу кезінде бостандықта жүрген А. Гафинмен бірлесіп,  алаяқтық әрекеттерін жасаған.

Киреев бас бостандығын айыру мекемесінен ұялы телефон арқылы жәбірленушілердің үй телефондарына хабарласып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушілердің жақын туыстарының  (балалары, ағасы) қылмыс жасағаны үшін ұсталғаны туралы жалған хабарлаған.

Мамандарға арналған семинар

05/12/2014

 

Орал қалалық сотында сот қызметкерлерін Жаңа Қылмыстық, Қылмыстық – процестік, қылмыстық атқару кодекстері және ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі бойынша  қайта оқытуға бағытталған семинар сабағы өткізілді.

Сонымен қатар аталған семинарда талап арыздар мен арыздардың тіркелгені туралы талон беру, электронды сотқа шақырту қағаздары туралы да айтылды.

«SKYPE» жүйесі арқылы жауапталды

05/12/2014

 

Орал қалалық сотында «SKYPE» жүйесі арқылы  облысымыздың аумағында тұратын жәбірленушілер мен куәгерлер Қарағанды қаласының Қазыбекби аудандық сотында қаралып жатырған қылмыстық іс бойынша жауапталды.

Жәбірленушілер өкілі және куәгерлер  Ж.С.Сулейменовке қатысты ҚР ҚК-нің 177б. 2б. «а»т., 177б. 2б. «б»т., 125б. 2б. «а»т., Е.М.Имашевке қатысты ҚР ҚК-нің 177б. 2б. «а,б»т., 177б. 3б. «б»т., 125б. 2б. «а»т.,  М.К.Мухангалиевке қатысты  125б. 2б. «а»т. айыпталып отырған қылмыстық іс бойынша шақырылған.

Қалалық сотта ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

03/12/2014

 

Орал қалалық сотында  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы талқыланды.

Сот төрағасы Б.Е.Мәмбетов аталған жолдауда  қазіргі әлем экономикасының  шеңберінде еліміздің саяси- қоғамдық бағыттары айқындалғанын атап өтті.

Қалалық соттың судьясы М.Б.Китарова  баяндама жасап, Жолдауда көрсетілгең негізгі бағыт-бағдарларға тоқталды.

Ұрлығы үшін жазаланды

03/12/2014

 

Орал қалалық сотында тонау белгілерімен қылмыс жасаған азаматқа қатысты сот үкімі жарияланды.

2014 жылдың 14 қарашасында Рыскалиев Н. таңғы сағат 06..00 шамасында қасынан өтіп бара жатқан ар адамды көріп, оның бетіне басымен соққы жасап, жерге құлатқан. Содан соң үстіндегі күртешесін, ішінде 2000 теңгесі болған әмианын  ұрлап кеткен.         

Салдарынан жәбірленушіге  13 000 теңгеге материалдық шығын келтірілген.  

Заңсыз есірткі өткізген қамауға алынды

29/10/2014

 

Орал қалалық сотында марихуана түріндегі есірткі затын бес мың теңгеге сатты деп айыпталған С. есімді азаматқа қатысты қамауға алу туралы санкция берілді.

Оған  ҚР ҚК-нің  259 бабы  2 бөлімімен айып тағылды.

Сот азамат С-ға қатысты  2 айға яғни, 2014 жылғы 24 қарашаға дейін «қамауға алу»  бұлтарпау шарасын алды.

Орал қалалық сотында «Ашық есік күні»

24/10/2014

 

Орал қалалық сотында бекітілген жоспарға сәйкес, «Ашық есік күні» өтті.

Шараға Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің студенттері шақырылды. Орал қалалық сотының судьясы  Ұ.Мұқанғалиева «Меншікке қарсы қылмыстар» тақырыбында әңгімелесу жүргізіп, меншікке қарсы жасалған қылмыс түрлеріне кеңінен тоқталды. Студенттер өздерін толғантқан сұрақтарға жауап алды.

Әңгімелесуден кейін студенттер Ұ.Мұқанғалиеваның төрағалық етуімен қаралған сот процесіне қатысты.