Іс жүргізу өңдірісі қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер " G" ЖШС-нің жауапкер «Г» КЕАҚ-ның қозғалмайтын мүлік және жер кадастры бөліміне " G" серіктестігін Краснов ауылдық округінің аумағында орналасқан жер учаскелерінің жалғыз құқық иеленушісі деп тану туралы талап арызымен жүгінген.

Сотта дау айтылып отырған жер учаскелері тіркеуші органның дерек қорында «С» ШҚ-ның, «Щ» ЖШС-нің және «G» ЖШС-нің атына тіркелген. Негізінде, қазіргі таңда жер учаскелерінің жалғыз иеленушісі тек талапкер «G» серіктестігі болып табылады.

Іс жүргізу өңдірісі АПК-ның 277-бабының 1-тармағына сәйкес қысқартылды, себебі сотқа қойылып отырған талап алдыңғы жер иеленушілердің құқығын тіркеуден шығару арқылы уәкілетті және (немесе) тіркеуші органның құзыреті шегінде өз шешімін табуы тиіс.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: