Сот жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты  «БҚО төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің талап арыз бойынша азаматтық істі қарау нәтижесі бойынша ЖШС-ін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану, 51509 теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы  талап арызын қанағаттандырусыз қалдырды қалдырды.

Сотта талапкердің мемлекеттік сатып алу қорытындыларына сай, тараптардың арасында құны 2 060 352 теңге,  тауар-арнаулы киімдер жеткізуге келісім  шарт  жасалғаны анықталды. Жауапкер уақытында талапкерге  тауарларды  жеткізуге міндеттенген, алайда жауапкер тауарды  кешіктіріп, қыркүйек айының басында әкелген. Талапкер қойған 51509 теңге тұрақсыздық айыбын толықтай төлеген.

Сот, бұл жерде жауапкермен тауарды уақытылы әкелмегені талапкерді еш жағымсыз салдарға соқтырмағанын ескере отырып, талап қоюшының мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы  талап арызын қанағаттандырусыз қалдырды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.
Тегтер: