Жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалғаны үшін 30 тәулікке қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО Зеленов аудандық №2 соты жол-көлік оқиғасы қатысушысының оқиға орнын кетіп қалу белгілері бойынша аудан тұрғынына қатысты әкімшілік іс қарады

Сот талқылауы барысында анықталғандай, көлік жүргізушісі газ құбырын қағып кеткен. Жол қозғалысы ережесінің 2 б. 1т. 8 т. сәйкес, ол дереу болған оқиға туралы жақын жердегі ішкі істер органына ескертіп және қызметкерлердің келуін күтуге тиіс болатын, алайда ол оқиға орнынан бой тасалаған.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады және қорқып кеткендіктен жол көлік  оқиғасы болған орынды тастап кеткенін түсіндірді.

ҚР ӘҚБтК-нің 611 б. 3 б. бойынша сот жүргізушіні кінәлі деп тауып, 30 тәулікке қамауға алу туралы әкімшілік жаза тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі