Жаңақала ауданында Билер кеңестері құрылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақтың билер кеңесін ұлттық құндылығы ретінде танып, халық арасында кеңінен насихаттау қажеттілігін айтылған болатын. Көшпелі қазақ қоғамының билер соты тарих қойнауында қалса да, оның беделі мен мәртебесі бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып отыр. Ұлттық тарихымыздағы асыл қазыналарымызды зерттеу, оның шынайы нәтижелерін жарыққа шығару қай ұрпақ үшін де жоғары міндет болып саналады.

Билер кеңесінің жаңғыруы - халық арасында ұсақ-түйек кикілжіңдер мен өзара дауларды шешудің ең тиімді амалы болып табылады.

Бұрын хабарлағанымыздай, ағымдағы айдың басында билер кеңесін құру мәселелеріне қатысты жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ардагерлер кеңестерінің мүшелерінің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен аудан әкімдігі мен аудандық соттың бірлесіп ұйымдастырған кеңесі оздырылып, кеңестің нәтижесі бойынша Жаңақала ауданының барлық ауылдық округтерінде билер кеңестерін құру туралы шешім шығарылған болатын.

Сол кеңестің хаттамалық шешімі жүзеге асып, Жаңақала ауданында жергілікті атқарушы органдардың колдауымен «Билер кеңесін» құру жөнінде ауданның және ауылдық округтар тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көпшіліктің ұсыныстары негізінде ауылдарда Билер кеңестеріне бірнеше адамның сайланып, қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде Билер кеңесінің тізімі нақтыланды. Ауданның барлық ауылдық округтарында жалпы саны 5 немесе 7-ден тұратын Билер кеңестері құрылып, төрағалары сайланды.

Бабалар ізімен билер кеңесін жаңғырта алсақ, ұлттық тәрбие, тәртіп, ағайынның ауызбіршілігі болса өзгелерге үлгі болатынымыз хақ. 

Билер кеңесінің құрамы бірауыздан Билер кеңесін құрудың қажеттілігін қолдап, кеңестің дамуының маңыздылығын айта келе өз тараптарынан бұл бастаманы толықтай қолдап, билер кеңестерінің жұмыстарын барынша атсалысатындарын жеткізді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі