Зеленов аудандық №2 сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеленов аудандық №2 сотының төрайымы Шара Зайнуллина тұрғындарға құқықтық көмек көрсету және азаматтардың құқықтық сауаттылықтарын көтеру бойынша сот ғимаратында «Ашық есік күнін» өткізді.

ҚР мемлекеттік қызметшлері күніне орайластырылған шараға аудан тұрғындары және "Ауыл тынысы" аудандық газетінің тілшісі белсенді ат салысты.

Іс-шара барысында қатысушылардан түскен сұрақтардың дені "Сот кабинеті" электрондық сервис арқылы сотқа талап арыз беру, сондай-ақ азаматтық, еңбек, отбасылық құқық қатынастары, қарыз сомасын өндіру азаматтық құқықтарын және заңды мүдделерін сот арқылы қорғауға қатысты түсті.

Азаматтарға барлық сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.  

Сот төрайымы сот қызметі және сот төрелігін атқаруда қолданылатын жаңа технологиялар сонымен қатар,  азаматтық істерді қарау барысында медиация рәсімінің қолданылуы туралы айтты.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі