Жаңалықтар

Отбасылық дағдарыстарды еңсеру жолдары

02/05/2024

Кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының психологы Ж.Кожанова кәсіпкер медиатор М.Хасановамен бірлесіп «Отбасын нығайту және отбасылық дағдарыстарды еңсеру жолдары» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Іс шараға осы мәселеге қызығушылық танытқан ерлі-зайыптылар қатысты.

Бүгінгі таңда некені бұзудың негізгі себебі ерлі-зайыптылар арасындағы өзара түсіністіктің болмауы болып табылады.

Нашақорлықтың алдын алу

30/04/2024

Бәйтерек ауданының №2 аудандық сотының төрағасы М.Мыңбаев Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Абай атындағы мектеп-гимназия-интернат" КММ 9-11 сынып оқушыларына "Нашақорлықтың алдын алу" тақырыбында дәріс оқыды. Шараға мектеп оқушылары қатысты.

Аудандық соттағы сенбілік

30/04/2024

Өткен сенбіде Казталов аудандық сотында сенбілік ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға кеңсе қызметкерлері белсенді қатысып, ғимарат аумағын тазартып, көшеттер отырғызылып, минералды тыңайтқыштар беріліп, талдарды әктеп, гүлзарларды дайындады.

Сонымен бірге, сот қызметкерлері кабинеттер мен сот залдарын, дәліздерді тазалады.  

 

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңашылдықтары талқыланды

30/04/2024

Казталов аудандық сотымен «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 15 сәуірдегі  алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін  Қазақстан Республикасының Заңын талқылау бойынша кездесу өткізілді.                                                                                                                       

Мектеп оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

29/04/2024

Жәнібек аудандық сотының судьялары кәмелетке толмағандардың есірткілік психотроптық заттарды, прекурсорларды және олардың аналогтарын заңсыз таратудың алдын –алу  мақсатында жалпы білім беретін мектептерге барып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жәнібек аудандық сотының судьялары сәуір айында Ақоба, Ұзынкөл, Тау, Қамысты, Күйгенкөл ауыл округтерінде 9-11 сынып оқушыларына, нашақорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Батыс Қазақстан облыстық сотында мемлекеттік қызметкерлер үшін тимбилдинг өтті

29/04/2024

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің персоналды басқару бөлімімен ұйымдастырылған психологиялық тимбилдингке департамент басшысының орынбасары Э. Темирниязова, бөлім басшылары мен мамандары қатысты.

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің тиімділігін арттыру, еңбек ұжымы ішіндегі ынтымақтастықты жақсарту, ұйымшыл команда құру және қызметкерлердің ынтасын арттыру.

Сот процесінде аудио-бейнежазба құралдарын қолдану бойынша семинар өтті

26/04/2024

 

БҚО МАЭС-да сот әкімшісі және сот мамандарының қатысуымен «Аудио-бейнежазбасы қолданылған сот отырысы хаттамасын жасақтау тәртібі» тақырыбында сот процестерінде аудио-бейнетіркеу жүйесін сапалы қолдану, сот отырысының уақытылы басталуы, сондай-ақ АБТ жүйесін қолдана отырып сот процестерін тағайындау мен өткізу бойынша есепті қалыптастыру мәселелерін зерделеу мен талқылау мақсатында семинар  өтті.

Оқушыларға ашық есік күні өткізілді

26/04/2024

2024 жылғы 23-24 сәуір күндерінде Тасқала ауданды соты әкімшісінің басшысы М.Темиргалиева ашық есік күні аясында КММ «Сәулет» лицейінің, «Мерей орта мектебі» КММ және «Айнабұлақ орта мектебі» КММ-нің оқушылары үшін «Сот жүйесімен танысамыз!» тақырыбына экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында «Төрелік» сот ақпараттық жүйесімен,сондай-ақ «Сот кабинеті» сервисі, сот процестерін аудио-бейне жазу жүйесімен жабдықталған сот отырысы залдарымен және сот мұрағатымен таныстырды.

Аудандық сотта ашық есік күні өтті

26/04/2024

Казталов аудандық сотында ашық есік күні өтті.

Бұл күні сотқа А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушылары келді.

Аталған шараның ресми бөлігі сот мәжілісі залында өтіп, сот төрағасының м.а Б.Жангирова қатысушыларды қарсы алды.

Спикер өз сөзінде сот жүйесінің қызметі туралы, қолданыстағы жаңа технологиялар, медиация туралы, бұдан басқа,   оқушыларды кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктерімен, жасөспірімдердің қылмыс жасау салдарымен таныстырды.

Беттер