Талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақала аудандық соты  «Finance» Арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-нің аудан тұрғынан банктік заем бойынша берешекті өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Талап келесіге негізделген, «Альянс Банк» АҚ мен жауапкер арасында жасалған банктік заем келісім шартына сәйкес, жауапкерге 36 айға сыйақы үстемесімен 320 000 тенге көлемінде қарыз берілген. Жауапкер қарызды сыйақысымен қоса уақытылы қайтару туралы міндеттемесін орындамай, нәтижесінде АҚ-ы алдында берешегі пайда болған.

Факторинг келісім шартына сай, талапкер банктік заем бойынша берешекті өндіру құқығын  «Finance» Арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-не берген.

Сот отырысында жауапкер 2011 жылы «Альянс Банк» арасында  жасалған қосымша келісім шартты және өтеу кестесін ұсынды. Оған сәйкес жауапкер 118 315 тенгені 8 айда төлеуді міндетіне алған. Ұсынылған түбіртектерге сай, жауапкер АҚ алдындағы 118 315 теңге берешегін толық өтеген.

Бұдан бөлек, жауапкерден талап қою мерзімін өтуін қолдану туралы арыз түскен, себебі соңғы төлемнен бері 3 жылдан астам уақыт өткен.

Сот іс-материалдарын зерттеп, жауапкердің талап қою мерзімін өтуін қолдану туралы уәжін заңды және негізді деп таныды.

Сот шешімімен «Finance» Арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-нің талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі