Судья-медиатордың қатысуымен шешімін тапқан істер

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

«Сот медиациясы» пилоттық жобасы Орал қаласының №2 соты мен Батыс-Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот алқасында жүзеге асырылуда.

Орал қаласының №2 сотында сот медиациясы институтын дамытуға мақсатты бағытталған жұмыстар атқарылуда.

Орал қаласының №2 сотының төрағасының өкімімен медиациялық келісім шарасын өткізу осы соттың судьялары М. С. Қадырбаев, А. К. Косанова, Ш. А. Шайдиеваға жүктелген.

Судья-медиатордың қатысуымен шешімін тапқан істер саны артуда.

Орал қаласының №2 сотының судьялары аталған пилоттық жобаның қолданысқа енгізілген күнінен бастап, қазіргі таңға дейін 247 азаматтық іс бойынша дауды сот медиациясы тәртібімен реттеді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі