Сот жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен берешекті өндіру туралы талап арыз қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2 сотында азаматтық іс талапкер "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры "АҚ  азамат  М-дан берешекті өндіру туралы талап арызы қаралды. 

Сотта анықталғандай, заем шарты негізінде талапкер жауапкерге 1500000 теңге  ақшасын беріп, аталған сома Қорға қайтарылмаған, бірнеше рет   қарызды қайтару туралы ескертуге жауапкер мән бермеген, соңдықтан АҚ сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Сот жауапкерге талап арызға өз пікірін жазбаша түрінде білдіру үшін уақыт берді. Көрсетілген уақыт ішінде жауапкерден пікір түспеді.

Қазақстан Республикасы АПК-нің 146 бабының 5 тармағына сәйкес оңайлатылған (жазбаша) іс-жүргізу тәртібінде сотпен көрсетілген мерзім ішінде пікірді ұсыну үшін мерзім өткен соң, тараптардың шақырылуысыз іс қаралады.

Іс құжаттарын зерттеп, табыс етілген құжаттарға сәйкес сот талапкердің талабын қанағаттандыруға деп шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі