Сот тұтынушының құқығын қорғап, талап арызды ішінара қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының №2 соты қала тұрғынының ЖШС-нен тауарға төленген соманы, айыппұлды, моральдық өтемақыны және өкілдің көмегіне төленген шығынды өндіру туралы азаматтық іс қарады.

Іс құжаттарына сәйкес, талапкер 2015 жылдын шілде айында несиеге құны 81 633 тенге тұратын ұялы телефон сатып алған. Тауардың қайтару жөніндегі кепілдік мерзімі 12 айды құраған. Тауарды пайдаланған кейін телефон динамигінің ақауы байқалып, кейін мүлдем істен шыққан. Қызмет көрсету орталығына өтінішпен жүгінген уақытта ұялы телефон сатып алғаннан 1 жыл 4 ай бұрын іске қосылғаны және кепіл мерзімі аяқталғаннан кейін сатылғаны анықталған. Талапкердің ЖШС-не жазған арызы қанағаттандырусыз қалдырылған. Жауапкердің заңсыз әрекеті салдарынан талапкердің тұтынушы ретіндегі құқығы бұзылып, моральдық зиян келтірілген.

 «Тұтунышылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30 б. 2 т. және ҚР АК-нің 428 б. 1 т. сәйкес, егер сатушы тауардың кемшіліктері туралы алдын-ала ескертпеген болса, тиісті сападағы емес  тауарды  алған сатып алушы өз тандауымен келісім шарттан бас тартып, төленген сомасын қайтаруды талап етуге құқылы. Тұтынушы тауардың кемшіліктерін тауып және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда, сатушы оны дереу ауыстыруға, ал сатушыға тауардың сапасын қосымша тексеру қажет болған кезде – тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруға міндетті.

Сот талапкердің тауар құнын өндіру немесе ауыстыру жөнінде шаралар қолданбағанын ескеріп, ескерту мерзімі өтіп кетуіне байланысты өсімпұлды әдейі өсірген деген тұжырымға келді.

Әділеттік пен парасаттылық критерилерін ескере отырып, сот моральдық залал сомасын 10 000 тенгеге төмендетті.

Сот шешімі бойынша талап арыз ішінара қанағаттандырылып, талапкердің пайдасына тауардың құны 81 633 тенге, 24 480 тенге көлемінде өсімпұл сомасы және 10 000 тенге көлемінде моральдық өтемақысы өндірілді.

Талапкер мен өкілдін араларындағы қызмет көрсету туралы келісім шарт ұсынылмауына байланысты өкілдің көмегіне төленген шығындарды өтеу бөлігі қанағаттандырусыз  қалдырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі