Сот шешімін орындамағаны үшін қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

№2 Зеленов аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабымен қатысты әкімшілік іс қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасына сәйкес, Орал қалалық №2 сотының 09.01.2012 жылғы бұйрығы негізінде кәмелетке толмаған баласын асырауға кәмелет жасына толғанға дейін ¼ мөлшерінде алимент өндірілген.

Сот орындаушысы борышкерды сот актілерін орындау және сот актілерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы бірнеше рет ескерткен, алайда, берешек өндірілмей 799 218 теңгені құраған.

Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабына сай  жеке тұлғаларға – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу қарастырылған.

№2 Зеленов аудандық сотының қаулысымен М.Бирюков ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабымен кінәлі деп танылып, жаза ретінде 1 тәулік мерзімге қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі