«Сот кабинеті» бойынша көшпелі семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жәнібек аудандық сотының бас маманы Ж.Махсотова Жәнібек ауылындағы ХҚКО қызметкерлеріне «Сот кабинеті» Электрондық    сервисі» тақырыбында семинар өткізді.

Спикердің айтуынша «Сот кабинеті» электрондық өзара іс-қимыл арқылы сот өндірісін оңайлату, сондай-ақ сот жүйесінің тиімділігін, қолжетімділігін және ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Сервисті пайдаланушы азаматтарға талап арыздарды, шағымдарды электрондық құжат нысанында сотқа жіберуге және өзіне ыңғайлы кез келген жерден Интернет арқылы мемлекеттік бажды онлайн төлем жасауға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында, ХҚКО өкілдеріне сотқа талап-арыздарды және өзге де құжаттарды беру үшін мемлекеттік баж салығын төлеу тәртібі түсіндірілді. Барлық қатысушыларға пайдаланушы нұсқаулықтары таратылды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі