Сот белгілеген шектеулерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов аудандық соты азамат А.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 480 бабының 1-бөлігі бойынша жинақталған әкімшілік іс қарады.

Іс материалдарынан анықталғандай, Казталов аудандық сотының қаулысымен бір жыл мерзімге әкімшілік қадағалау орнатылған А.өзіне қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамай, ішкі істер органының рұқсатынсыз тұрғылықты мекен-жайдан тыс жерге кетіп қалған.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толығымен мойындады.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы Д. ӘҚБтК-нің 480 бабының 1-бөлігімен кінәлі деп табылып, оған 19 820 теңге көлемінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі