Орал қ. әкімшілік соты ағымдағы жылы масаң күйінде көлік жүргізген 278 жүргізушіні жауапкершілікке тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының мамандырылған әкімшілік соты 2017 жыл басынан кінәлары медициналық куәландыру қортындысымен дәлелденетін масаң күйлерінде көлік басқару фактісі бойынша 278 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Бұнымен қоса, ҚР Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармақшасына сай көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігінсіз не жүргізуші куәлігінің орнына берілген, жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжатпен бірге уақытша куәліксіз көлік құралын басқаруға тиым салынады.

Жүргізушінің көлік құралын масаң күйде басқаруы, бұнымен қоса бұндай күй авариялық жағдай туғызуға, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер ҚР ӘҚтК-нің 608-бабында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

Осылайша, барлық 278 жүргізуші ЖЖҚ-ын қатаң бұзғандары үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының белгілеріне байлынысты турлі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нақты, сот 12 тұлғаға қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаны тағайындап, қалған 266 тұлғаны 3 жылдан 5-жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырды.  

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі