Облыстық сотта сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу бойынша семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментімен бірлесіп, сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алды алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

Шараға БҚО соттарының судьялары мен қызметкерлері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, «Нұр-Отан» париясы филиалының, «Ақжол» шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері қтысты.

Шараны БҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы м.а. Нұрлан Қажғанов алғы сөзбен ашып, кездесудің мақсатын және сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі принциптерін атады.

Сонымен бірге, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеб жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исаков ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы айтты. Спикердің айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны және ұлт Жоспарын қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерінде кешенді және жүйелі шараларды қолдану қажеттігін туындатты. Мемлекеттік қызмет сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында 2016 жылдан бастап меритократия қағидаттарына негізделген жаңа форматта жұмыс жасай бастады. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметке жаңадан келген адам саны 3 есеге  көбейді, кадрлардың ауысуы 2 есеге төмендеді және ауысулар18 есеге қысқарды.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп және мінсіз мінез-құлық деңгейінің жоғары болуы, тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың маңызды аспектісі болып табылады. Әдеп жөніндегі кеңестердің жұмыс нәтижелері бойынша 2016 жылы 22 лауазымды тұлға жұмыстан босатылған, 200 тұлға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертіліп, 4 тұлға лауазымынан төмендетілген. Азаматтардың сенімінің басты көрсеткіштерінің бірі мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына байланысты. 2008 жылдан бастап Қазақстан БҰҰ-ның электрондық үкіметінің даму Индексінде әлемнің 190-нан астам елдері арасында 33-ші орынды иеленіп,  48-ші позицияға көтерілді. 2014 жылдан электрондық қызметтер көрсету үлесі 15%-ға өсті. "Әлемдік сыбайлас жемқорлық барометрі-2016" зерттеулері оң динамиканы көрсетіп, оның нәтижелері бойынша Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендегені байқалуда, сонымен бірге, "Іскерлік климат - 2016" зерттеулері бойынша 70%-дан астам сұралған кәсіпкерлер елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іске асырылып жатқан бағдарламаларды жоғары бағалаған.

Қатысушылар атап өткендей, бизнес мүдделерін қорғауға елеулі мән берілуде. 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өткізген кәсіпкерлер Форумы бизнестің аса маңызды 16 саласында сыбайлас жемқорлық қаупін жою бойынша Жол картасының іске асуына дәнекер болды. Бұл тұрғыда адам үшін өмірлік маңызды мәселелерді қозғайтын заңнамалық актілерге ауқымды тексеру жүргізуге баса назар қойылып, ережелері сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған,  60-тан астам заңдар қабылданды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)  БҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Жомарт Абдрахманов қатысушыларға нақты мысалдар келтіре отырып, сыбайлас жемқорлық бойынша нақты оқиғаларға негізделген бейнероликтер, көрсетті.  Ұсынылған материалдар алдын алу бағытын сипаттады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Біржан Хайруллиннің айтуыша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қазақстандық моделінің ерекшелігі, сыбайлас жемқорлықты минимумға дейін төмендететін, ЭЫДҰ-ның бірқатар елдерінде өзін ақтаған алдын алу, оқу-тәрбиелік және жазалау шараларының ұтымды үйлесімі болып табылады. Сондықтан, кеңестер тәртіптік бұзушылықтардан басқа, нақты органда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды жетілдіру бойынша ұйғарымдар дайындап, сыбайлас жемқорлық қауіптілігін талдау нәтижелеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. 

Сонымен қатар, Агенттік мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша  және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты нивелирлеудің басты факторы ретінде бәсекелі ортаға жылдамдатылған жұмысты жүргізеді.

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу туралы БҚО бойынша Соттар әкімшісінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысының м. а. Гүлжиһан Сәпиева баяндады. Өз сөзінде сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Жоғарғы Сотының жанындағы ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі құрылған, осыған ұқсас облыстық соттарда бөлімдер құрылғанын атады. Бөлім сот жүйесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының орындалуын, сот жүйесінің судьялары мен сот жүйесі қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық белгілерінің алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша қызметін үйлестіруін, сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру жолымен имиджін көтеруді қамтамасыз етеді.

Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күреске жәрдемдесу үшін судьялар мен сот қызметкерлерін тарту, сондай-ақ соттардағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне "нөлдік" шыдамдылық арқылы қоғамның ахуалын жасау мақсатында сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2015-2017 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді. Сот қызметінде сыбайлас жемқорлық факторларын болдырмау үшін бөлімде (Call-центр) сенім телефоны бойынша жұмыс жүргізіледі.
Шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тек сот жүйесінде ғана емес сонымен бірге, жалпы қоғамда қалыптастыру мәселелері бойынша өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын айтты.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі
Теги: