Мектеп оқушыларымен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жәнібек аудандық сотында Жәнібек ауылының № 1 орта мектеп оқушыларымен кездесу өтті.

Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Б.Басырбаев  оқушыларға тәуелсіз Қазақстанның сот жүйесі, «100 нақты қадам»  ұлт Жоспарын іске асыру аясында жүргізіліп жатқан реформалар, соттарда қолданылатын  ақпараттық технологиялар,  сот процестерінің ашықтығын, халықтың сотқа деген сенімін арттыру мақсатында сот процесстеріне дыбыс-бейне жазба жүйесінің енгізілгені жөнінде айтып берді.

Шара барысында мектеп оқушылары қызығушылық танытып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өздерінің заңды құқықтары мен міндеттері туралы сұрады.

Кездесу соңында Б.Басырбаев мектеп оқушыларына алғыс айтып, заң бұзушылықтарға жол бермеуге шақырды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі