Медиация қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жәнібек аудандық  соты ҚР ҚК-нің 188- бабының 2- бөлігінің 3) тармақшасымен ( ұрлық) қозғалған қылмыстық іс қарады. 

Іс бойынша сотталушы өндірістік үй-жайға заңсыз кірумен, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында Жәнібек  ауылындағы үйдің ауласында орналасқан моншаға заңсыз кіріп, қазанды және ошақтың темір плитасын ұрлап, жәбірленушіге 25 000 теңге мөлшерінде материалдық зиян келтіріп, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.

Сот мәжілісінде тараптар медиатор арқылы келісімге келулеріне байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Жәбірленуші сотталушы жасаған әрекетіне өкініп, одан кешірім сұрағанын, оған талабы жоқ екенін айтты.

Сот, анықталған мән-жайды зерттеп, ҚР ҚПК-нің 35-бабының 1-бөлігінің 12) тармақшасына  сәйкес тараптардың медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізгені туралы келісім түсуіне байланысты іс жүргізуін тоқтатты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі