Жергілікті полиция қызметкерлерімен семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жәнібек аудандық сотының судьялары әкімшілік заңдардың нормаларын зерделеу мақсатында  сонымен қатар, әкімшілік істердің сотпен тиісті түрде рәсімделуі үшін қайта қайтарылуы бойынша Жәнібек аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы Е.Сұлтанғалиев және полиция қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабағын өткізді.

Семинардың өтуіне тиісті түрде рәсімдеуге жіберілген істердің көбеюі және әкімшілік істерді рәсімдеу кезіндегі кемшіліктер мен қателіктер себеп болған.

Кездесу барысында судьялар қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап беріп және іс материалдарын рәсімдеуге және дәлелді базаны аса мұқият дайындауға ұсыныс жасады.

Семинар соңында қатысушылар пайдасы мол шара үшін ризашылықтарын білдіріп, осындай кездесулердің болашақта әкімшілік істерді рәсімдеу сапасына оң ықпалын тигізетіндігіне сенімдерін білдірді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

Ұқсас мәліметтер