Конституция күні қарсаңында жасөспірімдер соты балалар ауылының тәрбиеленушілеріне танымдық іс-шара ұйымдастырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Конституция күні қарсаңында кеңсе меңгерушісі Руслан Демеуов Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы тәрбиеленушілеріне «Ашық есік күнін» ұйымдастырды.

Шара барысында кеңсе меңгерушісі Руслан Демеуов Конституцияның, тәуелсіз мемлекетіміздің негізі Заңынның құндылығын ашып, әр адам өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, тең құқылы, тегін орта білім алуына кепілдік берілетіні туралы атап өтті.

Кездесу барысында балалар мен жасөспірімдердің құқықтарына қатысты заңдарға қысқаша шолу жасалып талқыланды.

Балалар ауылы тәрбиеленушілері кеңсе жұмысымен жақын танысып, соттардың  сот жүйесінің қызметімен таныстырылды, психологтің кабинетінде болды. Жаңа дыбыс-бейне жазу құрылғылармен жабдықталған сот отырысының залдарында болып, «Төрелік» АЖ бағдарламасымен танысты.

Шара соңында, кеңсе меңгерушісі жеткіншектер көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, алдағы уақытта жақсы білім алуына және еліміздің ата заңын қастерлейтін азамат болуларына тілегін білдірді.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі