Казталов ауданының №2 аудандық сотының судьялары мен сот мамандары ауылдық округтер тұрғындарымен кездесулер өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аудандық сот төрағасы Айвар Бижанов, судья Самал Оразғалиева, соттың кеңсе меңгерушісі  Айгүл Бисенова, сот мамандары Жаңажол, Талдыапан, Талдықұдуқ, Акпәтер, Қараөзен, Қарасу   және Көктерек ауылдық округтер  тұрғындарымен көшпелі кездесулер, сонымен қатар колледж және аудандық аурухана ұжымдарымен кездесулер өткізді. Бұл шараға мекеме басшылары, полиция қызметкерлері, кәсіби емес медиаторлар және билер кеңесінің мүшелері қатысты.

Сот төрағасы кездесу барысында «Сот төрелігінің 7 түйіні» аясында сот жүйесін жаңғырту бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы хабардар етіп, халықтың соттарға деген сенімін  көтеру, бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы; сот жүйесініңі ашықтығы мен  айқындығы туралы айтты. Бұдан басқа,  дауларды шешудің баламалы жолы ретінде медиацияны дамыту туралы, сонымен қатар, ең басты мақсаты дауларды реттеу туралы оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін билер кеңесі жағдайын атап өтті.

Соттарда қолданылып жатырған «Түнгі сот», «Судья көмекшісі», «Виртуалды сот» жобаларының маңызы, сот отырыстарына смартфонға орнатылған мобильді қосымша және бейнеконференцбайланыс арқылы қатысу мүмкіндігі  туралы айтып түсіндірді.

 Судья Самал Оразғалиева сот жүйесін жаңғыртудың басты принциптері туралы, меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендірудегі заңға енгізілген өзгерістер туралы түсінік берді.

Сот мамандары көпшілікке сот процестеріне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, сот отырыстарын аудио-бейне жазуды қолдану, электрондық соттарды құру, соттарда «түнгі сот»  «отбасылық сот» және «Smart Сот» пилоттық жобаларын енгізу туралы хабардар етіп,

 «Үлгілі сот» жобасының аясында облыстарда фронт-офистердің қызметтері туралы айтты. 

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі