Еңбек дауларының алдын алу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2 аудандық сотында дауды соттан тыс реттеу саласын кеңейту мақсатында «Еңбек даулардың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Бұл шараға Ғ.Молдашев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, кәсіби-техникалық колледжі,  аудандық ауруханасы,  қарттар үйі, «Қазақтелеком», «Қазтрансгазаймақ» АҚ-ы және  коммуналдық қызмет көрсету мекемелері өкілдері қатысты.

 Шараны ашқан судья Самал Уразгалиева өз сөзінде еңбек дауларын қарау мерзімдері, рәсімі және оның салдары жөнінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Еңбек дауларын және жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулардың алдын алу»  атты енгізіліп отырған пилоттық жобаның негізгі мақсаты - соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу тәртібімен жүзеге асырылатынын кәсіподақтар өкілдерінің қатысуымен Келісу комиссиясының жеке еңбек дауын қарау және шешу екенін айтып түсіндірді.

 Сонымен қатар, судья еңбек дауларын өз деңгейінде шешудегі кадрлық қызметтер мен келісім комиссиясының белсендiліктерінің маңыздылығын, сонымен қатар,   тараптар келісім комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда еңбек дауын шешу үшін сотқа арызбен жүгінуге құқылы  екендігін түсіндірді.

Отырыс соңында қатысушылар сұрақтарына нақты жауаптар алып, пікір алмасты.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі