Еңбек дауы медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеленов ауданының №2 соты аудан тұрғының арызы бойынша жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күшін жойып, жұмысқа қайта орналастыру, жалақыны және моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Іс-құжаттарына сәйкес, талапкер сотқа жоғарыда аталған талап арызбен жүгініп, кезекті сессиясын тапсыруына байланысты ақысыз оқу демалысын беру туралы басшының атына арыз жазғанын, сондықтан жұмыста дәлелді себептерге байланысты болмаған.

Сот отырысында, кейін тараптарға татуласу оның ішінде медиация тәртібімен мүмкіндігі түсіндірілгеннен кейін тараптар Дариян ауылдық округі кәсіби емес медиаторлар тізімінде тұрған медиаторға жүгінді. Нәтижесінде тараптар медиация тәртібімен татуласып, талапкер мәлімделген талап арызынан бас тартып, ал жауапкер талапкерге және жалақы және моральдық зиян есебіне 220 000 теңге төлеуді міндетіне алды.

Сот ұсынылған дауды реттеу туралы келісімді зерделеп, ҚР АПК-нің 277, 278 б.б. және ҚР "Медиация туралы" Заңының 27 б. сай азаматтық іс бойынша іс жүргізуді сот ұйғарымымен тоқтатты.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі