Бөрлі ауданында сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру және қысқартылған тәртiппен істерді қараумен байланысты мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөрлі аудандық сотында қылмыстық істерді тергеп-тексеру және қысқартылған тәртiппен  қарау мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Шараға судья Сабыржан Есжанов, аудан прокуроры Жанат Аманбаев, АІІБ-нің бастығының тергеу бойынша орынбасары Марс Бельгибаев және тергеушілер қатысты.

Аудандық соттың төрағасы Гамал Кулмуханов кездесуді ашып, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру және істiң қысқартылған тәртiппен сотта талқылануы, ең алдымен, сот төрелігінің  тиімділігін арттыруына, қандайда бір сөзбұйдаға салмай, сот шығындарын азайтуға, іс жүргізуге байланысты сот шығындарын қысқартуға бағытталғанын атап өтті. 2017 жылдың 7 айында сот өндірісінде аяқталған 91 істің тек 50 қысқартылған тәртiппен қаралған, осыған байланысты істердің  санын өсіру  қажет екендігін айтты.

ҚР ҚПК-нің 382-бабы 1-бөліміне сәйкес, қысқартылған тәртiппен онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар туралы істер бойынша, яғни АІІБ-нің  тергеуіне жататын істер қаралады. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру және істiң қысқартылған тәртiппен сотта талқылануының шарттары мен тәртібі ҚР ҚПК-нің 190 және 382 баптарымен реттелген. Осыған байланысты Г.Кулмуханов тергеу қызметкерлеріне және судьяларға,  осы нормаларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруде және де сот талқылауын тағайындау барысында  кең қолданылуын тапсырды. Тергеу және анықтау органдарына тергеулік тұлғаларға ҚР ҚК-нің 55 бабы 3 бөлімінің ережесін, жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру ең жоғары мерзімінің жартысынан аспайтын жаза көзделетінін  кең түсіндіру қажет.

Қатысушылар бар мәселелерді талқылап, осы бағытта жұмыстарды белсеңдету қажеттігін  қолдап, «дөңгелек үстелдің» ұсыныстарын қабылдады.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі