Бейбіт жиын өткізуді ұйымдастыру тәртібін бұзған үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының әкімшілік соты Қазақстан Республикасының жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттерді, демонстрацияларды не өзге де көпшiлiк iс-шараны жергілікті атқарушы органның рұқсатысыз ұйымдастыру немесе өткiзу тәртiбi туралы заңнамасын бұзған Орал қаласының тұрғынына қатысты әкімшілік істі қарады.  

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаға сай, азаматша  бұндай шаралар өткізуге жергілікті органдардан рұқсаты жоқ бола тұра, Мәншүк Мәметова ескерткішінің жанында «Руки прочь от памятника героя Советского союза М.Маметовой» плакатымен, наразылық акциясына шыққан.

Сот талқылауында азаматша кінәсін мойындаған жоқ және М.Мәметованың ескерткішін алып тастауға байланысты шара өткізу туралы ресми түрде рұқсат бермегеннен кейін, бейбіт пикет өткізу туралы сәуір айында жазбаша жүгінгенін айтты. Ескерткішті демонтаждау туралы мамыр айында біліп, өзінің азаматтық көзқарасын білдіруге бел буып, ескерткіш жанында плакат ұстап тұрған.

Қазақстан Республикасының жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттерді, демонстрацияларды не өзге де көпшiлiк iс-шараны ұйымдастыру немесе өткiзу тәртiбi туралы заңнамасын бұзған үшін ҚР ӘҚтК-нің 488-бабының 1-бөлігінде әкімшілік жаза көзделген.

Сот, ұсынылған іс материалдарын зерттеп, аталған құқықбұзушыны ҚР ӘКБтК-нің 488-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танып, ескерту түріндегі әкімшілік жазаны тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі