Баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы дау медиациямен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында қос бірдей баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы азаматтық ісінің қаралуы медиация қолданумен аяқталды.

Басты сот талқысы кезінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім ұсынғандығы анықталды. Ерлі-зайыптылар кәмелеттік жасқа  толғанға дейін 2015 жылы дүниеге келген баласы анасымен, ал  2004 жылы дүниеге келген баласы әкесімен тұратындығы жөнінде келісімге келген. Бұл ретте тараптар келісім жасай отырып, баланы күтіп-бағуы үшін бір-бірінен алимент өндіруден, ал талап қоюшы талабынан толықтай бас тартқан.

Сот, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді зерделеп және  оны бекітіп,  АПК-нің 277 және 278-баптарын сондай-ақ, "Медиация туралы" Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып азаматтық іс бойынша өндірісті тоқтату туралы ұйғарым шығарды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі