Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Казталов аудандық сотымен талапкер Ж.-ның жауапкер Г.-дан ақша өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, талапкер 2014 жылы мектеп оқушыларына киім тіккен, ақшасын ата-аналар жауапкерге жинап берген, алайда жауапкер қалған 29000 теңгені төлемеген.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен татуласуына байланысты, азаматтық іс қысқартылды.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі